Libraryدستاویزات
Білімді ұлықтау
Білімді ұлықтау By: Салих бин Абдулла аль-Усайми Source: IslamHouse.com · Салих бин Абдулла аль-Усайми
کتاب سے
متن کے ابتدائی صفحات۔ مکمل پڑھنے کے لیے اوپر کتاب کھولیں۔
БІЛІМДІ ҰЛЫҚТАУ
Автор: Солих ибн Абдулла ибн Хамад аль-Усоймий
Аударған: Умм Ахмад
2020
Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Кіріспе.
Ұлықтаушы ұлықтайтын әрі тырысушы бет бұратын, Аллаға
мақтау-мадақ болсын!
Жалғыз Алладан басқа құлшылық қылуға лайықты ешқандай тәңір
жоқ екеніне, бізді ширктің тұзағынан құтқарып, жаһаннамның отынан
аман алып қалатын шәһадамен куәлік етемін, және пайғамбарымыз
Мухаммад Раббымыздың адамзатқа тура жолмен және мүшіріктер жек
көрседе барлық діндерден үстем тұратын ақиқат дінімен жіберген,
Алланың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін. Бізге деген Алланың
жолдауын толық жеткізіп аяғына дейін орындады. Және Алланың
аманатын сақтап, бізге айқындап берді.
Оның
шақыруымен
анық
құжаттар
түзетілді,
анық
ашық
түсіндіруімен күмәндар мен тартыстар кетті. Бізге анық, аппақ
құжаттармен, оны талап етуші мен оған тырысушы, ешқашан бос қалып
қайтарылмайтын нұрлы сүннетін мирас етті. Алланың оған, үйретіп
үйреткен адамдарының санындай салауаты мен сәлемі болсын, және
оның отбасы мен сахабаларына.
Ешқашанда білім құнды мирас болуынан тайған емес, ұрпақтан-
ұрпаққа лайықтылар оған ілесуін тоқтатқан емес. Жоғары мінез-
құлықпен, ізеттілікті талап етушілер үшін одан асқан маңызды нәрсе
болмаған. Және одан басқа нәрсені қаламаған да. Одан басқа қалай
болсын?! Өйткені тек сонымен ғана екі дүниенің бақыты мен жақсы
өміріне қол жеткізілмек.
Ол болмыстың құрметі мен жердің асты-үстінің нұры, сақарғанның
сұлулығы, көздің қуанышы. Оған жүрегі бұрылған кісі рахаттанады,
онымен жүрген кісі олжаланады, оған бой ұсынған кісі аман қалады.
Егер ол сатылатын зат болса, ол үшін зор мал-мүлік құрбан болар
еді. Ал егер көкке көтерілсе, ол үшін құрметті жандар артынан барар еді.
Ол – саудалардың ең табыстысы, мақтаныштың ең ардақтысы.
Оның құндылығы ең жоғары, ал бұлағы ең мақтаулы. Бақытты адам – өз
нәпсісі мен рухын соған құлшындырған жан. Ал сорлы адам – одан
тартынып әлде тартындырған, алыстап әлде алыстатқан жан. Оның
мұрны білімнің жұпар иісінен бітелген. Бұл нағыз мақрұм құл.
Жетістік иесінің жүрегіне ілім кірер,
Еш күзетсіз, рұқсатсыз төрін көрер.
Сорлы болса, қайтарар оны ұтылумен,
Мақрұм қылма Раббым, одан айырумен!
Расында, жанды қуанышпен толықтыратын және көкейіңді ашып әрі
оны нұрландыратын, мұсылмандардың жүрегіне тәтті боп, кәпірлер мен
мұнафықтардың тамағына шөңге болған нәрсе – адамдардың тәлім
отырыстарына бет бұрулары мен соған апаратын тура жолды қайта-қайта
іздеулері. Оның анық боямасыз дәлелі – білім дәрістерінің көбеюі мен
оқу курстарының жиеленуі. Дәрістер орындалған, тізелер соған бүгілген,
пайдалар күн нұрындай тараған, жандар соған құмартқан, ал ғұламалар
ілімнің інжу тастарын шығара білген, шәкірттері болса сол ілімнің інжу
тастарын моншақ қып тізе білген.
Расында, осындай мәртебелі жамағат пен үміттенілген қауымға
жасалынатын жақсылықтардың бірі – оларға, білімге қол жеткізудің
сырларын көрсету. Өйткені ілім, оларды үмітпен бірге үлкен жетістікке
және қауіпсіз жағдайға жеткізеді. Әлбетте, бұндай жақсылық, бос
пікірлердің
сахарасында
жоғалудан
және
нәпсі
атаулының
қараңғылығынан құтқаратын оларға деген мейірім.
Ей мұсылман, осы асылды амалға асыру мақсатында, білімнің
ұлылығы турасындағы сөздер көркейтілді. Расында құлға берілетін
ілімнің үлесі – оның ілімге деген жүрегіндегі құрметі мен ұлықтауына
байланысты болмақ. Кімде-кімнің жүрегі ілімді ұлықтау мен қадірлеуге
толған болса, онда ілімнің де қонатын жері сол болмақ. Ал жүрегінде
оған деген құрметтің әлсіреуіне байланысты, құлға да берілетін ілімнің
үлесі әлсіремек. Тіпті жүректердің ішінде сондай ілімнен, түк үлесі
болмаған жүректер де кездеседі.
Кімде-кім ілімді ұлықтаса, ол оған өз нұрын шашпақ, және әр
тармақтарынан өзінің елшілерін жібермек. Ол адам үшін, іліммен
жүздесуден артық мұрат болмайды және ол турасында ойланудан артық
ләззат болмайды. Дәл осыны ал-хафиз Әбу Мухаммад ад-Дарими
تبصرے
ابھی کوئی تبصرہ نہیں۔ سب سے پہلے کوئی مفید بات شیئر کریں۔
متعلقہ
عظماء في التاريخ
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
من أحكام صلاة المرأة في الحرمين
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
البرنامج اليومي للمسلمة في شهر رمضان
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
أحكام المرأة في الصلاة دراسة فقهية مقارنة
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
توحيد الألوهية أساس الإسلام
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
شرح رسالة القواعد الأربع
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
توحيد الرب
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
شرح خطبة الحاجة
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
إِلاَّ لِيَعْبُدُونِ - كيف يوحد القرآن وجهة الإنسان؟
islamicmedia.tv
1 view · 11 hours ago
Resumo do livro Seleção de Hadiths Proféticos
islamicmedia.tv
1 view · 1 day ago